Біз туралы ақпарат
«Qazaq Independent Directors» қауымдастығы өз тарихын 2007 жылдан бастайды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз директорлар институтын дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында, акционерлер мен бизнес иелері құқықтарын қорғау тетігі ретінде «Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне байланысты ребрендинг жүргізіліп, қазіргі уақытта ұйымның атауы «Qazaq Independent Directors» қауымдастығы.
Қауымдастық тиімді басқару жүйелерін дамытуға, халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге және басшылардың кәсіби құзыреттерін арттыруға ықпал етеді.
Бүгінде QID Қазақстанда және Еуразия өңірі елдерінде директорлар мен басқарушыларды біріктіретін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен кәсіби қауымдастықты дамытатын сараптамалық алаң болып табылады.
QID білім беру бағдарламаларын, сертификаттау курстарын, консультациялық жобаларды және стратегиялық сессияларды іске асырады, сондай-ақ жеке және квазимемлекеттік ұйымдар үшін директорлар кеңестері мүшелерін, басшыларды және негізгі басқарушылық кадрларды іріктеуге жәрдемдеседі.
Қауымдастық корпоративтік басқарудың кәсіби және нормативтік ортасын жетілдіруге қатысады, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, конференциялар мен сараптамалық іс-шараларды ұйымдастырады, сондай-ақ басқару органдарының қызметі және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелері бойынша қауымдастық мүшелеріне консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді.
Миссиясы
Корпоративтік басқаруды, стратегиялық құзыреттерді және көшбасшылық дағдыларды жетілдіруге ықпал ете отырып, басшылар мен директорлардың кәсіби қауымдастығын дамыту.
Мақсаттары
- тиімді корпоративтік басқару мен тұрақты көшбасшылықты дамытуға жәрдемдесу;
- директорлардың, басшылардың және бизнес иелерінің кәсіби деңгейін арттыру;
- кәсіби этика мен жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ілгерілету;
- кәсіби қауымдастықты дамыту және халықаралық үздік тәжірибелермен алмасу;
- корпоративтік басқару саласындағы нормативтік және іскерлік ортаны жетілдіруге ықпал ету.
Қызмет бағыты
- басқарудың жоғары кәсіби және этикалық стандарттарын енгізу;
- білім беру және сараптамалық бағдарламалар арқылы директорлар мен басшылардың құзыреттерін дамыту;
- конференциялар, дөңгелек үстелдер және кәсіби іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік органдармен, бизнеспен және халықаралық ұйымдармен диалогты дамыту;
- корпоративтік басқару мәселелері бойынша консультациялық, әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету;
- директорлар кеңестері мүшелерін, басшыларды және негізгі басқарушылық кадрларды іріктеуге жәрдемдесу;
- аналитикалық және ақпараттық материалдарды дайындау және тарату;
- кәсіби қауымдастықты дамыту және үздік тәжірибелермен алмасу.