Әр тоқсан сайын директорлар кеңесі есеп алады: түсім, пайда, EBITDA, бюджет орындалуы. Бұл сандар компанияның қайда болғанын адал көрсетеді. Бірақ пайда төмендеуі есепке түскен сәтке қарай оның себебі әдетте бірнеше ай бұрын пайда болған болады: негізгі клиенттердің кетуі, сатылым құбырының (воронканың) тарылуы, командадағы мықты адамдардың ауысуы, жинақталған техникалық қарыз.
Тек қаржылық нәтижеге қарайтын кеңес мәселені ең соңында біледі. Ал алда жүретін сигналдарды оқи алатын кеңес дұрыс сұрақты дер кезінде қоя алады — әлі де болса бірдеңені өзгертуге мүмкіндік бар кезде.
Біз не туралы сөйлесеміз
- Кешіктірілген және алда жүретін көрсеткіштер. Олардың айырмашылығы неде және неге бір ғана қаржылық есеп кеңеске жеткіліксіз.
- Қандай сигналдарды бақылау керек. Клиенттер, нарық, операциялық қызмет, адамдар: болашақтағы мәселе әдетте қай жерде ең ерте байқалады.
- Мұны кеңес жұмысына қалай енгізу керек. Кеңес үшін есептілікке не енгізу және отырыс күн тәртібіне не қосу, менеджментке қандай сұрақтар қою.
- Кеңес пен CEO бір жақта. Алда жүретін көрсеткіштер менеджментті постфактум бақылап қана қоймай, компанияның болашағын бірге басқаруға қалай көмектеседі.
- Практика. Мемлекеттік және жеке компаниялардың директорлар кеңестеріндегі спикердің тәжірибесі.
Сіз өзіңізбен бірге не алып кетесіз
✔ Компанияда мәселелердің пісіп-жетіліп келе жатқанын алдын ала қандай белгілерден түсінуге болатынын түсіну
✔ Кеңес үшін есептілікті қайта құру идеялары — ол тек өткенді ғана емес, болашақты да көрсетуі үшін
✔ Ең жақын отырыста-ақ менеджментке қоюға тұрарлық сұрақтар
✔ Қазақстан компанияларының тәуелсіз директорларымен, кеңес мүшелерімен және басшыларымен танысу
Кімдер үшін
- Директорлар кеңестері мен қадағалау кеңестерінің мүшелері
- Тәуелсіз директорлар және солардың қатарына дайындалып жүргендер
- CEO, топ-менеджерлер, акционерлер және бизнес иелері
- Корпоративтік хатшылар, стратегия, тәуекелдер және корпоративтік басқару бойынша мамандар
Спикер
Святослав Бирюлин
Стратегиялық кеңесші, кәсіби тәуелсіз директор
Святослав стратегиялық кеңесші көзқарасын директорлар кеңестеріндегі жұмыс тәжірибесімен ұштастырады. Ол есептіліктің екі қырын да қалай көрінетінін біледі: менеджмент жағынан және кеңес жағынан.
- 2023 жылдан бері QID мүшесі
- Certified Director — IoD (Лондон) және Словения директорлар қауымдастығы
- Үш мемлекеттік компанияның директорлар кеңестерінің төрағасы
- «Экотон+» тәуелсіз директоры (Астана), стратегия және тәуекелдер комитетінің төрағасы
«Қызыл және сары стратегиялар» кітабының авторы
Бұл «Қызыл және сары стратегиялар» атты қазақ тіліндегі басылым ALMA University және QID-пен бірлесіп шыққан.
CG Talks форматы туралы
CG Talks — корпоративтік басқару туралы QID кездесулері. Әр кездесу практик ашатын бір өзекті тақырыптың төңірегінде құрылады. Кездесу спикердің баяндамасынан, ашық талқылаудан және әріптестермен тікелей, жанді байланыстан тұрады.
Тіркелу
👉 https://forms.gle/bsdnTLx3cNiBkEZNA
Қатысу мәселелері бойынша: info@qid.kz
Іс-шаралар күнтізбесі
Алдағы білім беру бағдарламалары мен семинарлар.
Эволюция корпоративного управления: от Ост-Индской компании до совреме...
Об истории корпоративного управления, мировых практиках, развитии СД и особенностях корпоративного управлен...
Корпоративтік басқару және комплаенс
Ең үздік халықаралық тәжірибелерге және корпоративтік басқарудың нақты кейстеріне негізделген.