Бетті жүктеу

Бүгін Астанада директорлар кеңестерінің тренингі «Корпоративтік басқару. Үздік тәжірибелер және кейстер» кезекті күні өтті.

Екінші күн корпоративтік басқарудағы құзыреттер мен жауапкершілік мәселелеріне арналды. Қатысушылар компанияларда басқару және бақылау жүйелері қалай қалыптасатынын, корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттарын, акционерлердің құқықтарын, инвесторлар мен капитал нарықтарының рөлін, сондай-ақ ашықтық пен ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды талқылады.

Екінші күннің спикері Арман Бердалин болды — QID Консультативтік кеңесінің тең төрағасы, Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, Sayat Zholshy & Partners заң компаниясының аға серіктесі, корпоративтік құқық саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы.

Қатысушыларға одан әрі өнімді жұмыс және корпоративтік практикада сұранысқа ие болатын практикалық шешімдер тілейміз.

Тағы да оқыңыз

Жаңалық

QID және Narxoz Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол...

Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...

Жаңалық

MOST Investment және Qazaq Independent Directors (QID) серіктестікті р...

Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...

Жаңалық

Деректерге негізделген көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік сертифик...

Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...