Бетті жүктеу

5 желтоқсанда өткен QID мүшелерінің жалпы жиналысында Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы жалпы дауыс беру арқылы таңдалды

5 желтоқсанда өткен QID мүшелерінің жалпы жиналысында Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы жалпы дауыс беру арқылы таңдалды.

Кәсіби және қоғамдық ұйымдардың қызметінде Бақылау кеңесінің төрағаларын әрбір 2–4 жыл сайын ауыстырып отыру кең таралған әрі ұсынылатын халықаралық тәжірибе болып саналады. Мұндай ротация көзқарастардың жаңаруына, стратегиялық қадағалаудың күшеюіне және корпоративтік басқару институтының тұрақты дамуына ықпал етеді. Осы тәжірибеге сәйкес, Ерлан Аукенов үш жыл бойы QID Бақылау кеңесін табысты басқарып, өсу динамикасын қамтамасыз етіп, бағдарламалардың сапасын арттырып, QID-ң беделін нығайтты. Оның өкілеттік мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

QID-дің және еліміздегі корпоративтік басқарудың дамуына қосқан елеулі әрі баға жетпес үлесі үшін Е.Аукеновке шынайы алғысымызды білдіреміз. Ерлан мырза QID Құрметті мүшесі мәртебесінде біздің қызметімізге үлес қоса береді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы болып Алихан Байдүсенов таңдалды. Ол өз қызметіне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі. Байдүсенов мырзаны құттықтап, нәтижелі әрі табысты жұмыс тілейміз.

Сонымен қатар, жалпы дауыс беру арқылы Бақылау кеңесінің құрамына Айдын Абай мен Айгүл Жайлаубекова таңдалды. Олардың кәсіби тәжірибесі мен сараптамалық білігі QID-дің стратегиялық дамуын күшейтеді.

Самғат Ермекбаев Бақылау кеңес құрамындағы қызметін аяқтады. QID жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін Самғатқа алғыс білдіреміз.

****

5 декабря өткен QID мүшелерінің жалпы жиналысында жалпы дауыс беру арқылы Ассоциацияның Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы сайланды.

Кәсіби және қоғамдық ұйымдардың қызметінде Бақылау кеңестері төрағаларын әрбір 2–4 жыл сайын ауыстырып отыру кең таралған әрі ұсынылатын халықаралық тәжірибе болып саналады. Мұндай ротация көзқарастардың жаңаруына, стратегиялық қадағалаудың күшеюіне және корпоративтік басқару институтының тұрақты дамуына ықпал етеді. Осы тәжірибеге сәйкес Ерлан Аукенов үш жыл бойы QID Бақылау кеңесін табысты басқарып, өсу динамикасын қамтамасыз етіп, бағдарламалардың сапасын арттырып, Ассоциацияның беделін нығайтты. Оның өкілеттік мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Ассоциацияның және елдегі корпоративтік басқарудың дамуына қосқан елеулі әрі баға жетпес үлесі үшін Ерлан Аукеновке шынайы алғысымызды білдіреміз. Ерлан Аукенов QID Құрметті мүшесі мәртебесінде бізбен ынтымақтастықты жалғастырады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ассоциацияның Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы болып 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметіне кірісетін Алихан Байдусенов сайланды. Алихан Байдусеновты тағайындалуымен құттықтап, табысты әрі нәтижелі жұмыс тілейміз!

Сондай-ақ жалпы дауыс беру арқылы Бақылау кеңесінің құрамына Айдын Абай мен Айгүл Джайлаубекова сайланды, олардың сараптамасы мен кәсіби тәжірибесі Ассоциацияның стратегиялық дамуын күшейтеді.

Самгат Ермекбаев Бақылау кеңесі құрамындағы қызметін аяқтады. Бақылау кеңесінің жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін Самгатқа алғыс айтамыз.

Тағы да оқыңыз

Жаңалық

QID және Narxoz Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол...

Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...

Жаңалық

MOST Investment және Qazaq Independent Directors (QID) серіктестікті р...

Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...

Жаңалық

Деректерге негізделген көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік сертифик...

Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...