Бетті жүктеу

QID ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК ЖӨНІНДЕГІ ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША КОМИТЕТ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

QID Ассоциациясының Қадағалау кеңесі мүшелері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы Ерғали Егембердимен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ жекешелендіру, мемлекеттік активтерді басқару және корпоративтік басқару мәселелеріне жауапты комитет қызметкерлері қатысты.

Тараптар квазимемлекеттік сектор активтерін тиімді басқару, тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту, сондай-ақ мемлекеттік компанияларда ашықтық пен есептілік стандарттарын енгізу бойынша ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

QID делегациясының құрамына Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшы Джош Нгондо кірді. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанда халықаралық озық тәжірибелерді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік білдіріп, диалог форматін кеңейтуге уағдаласты.

Тағы да оқыңыз

Жаңалық

QID және Narxoz Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол...

Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...

Жаңалық

MOST Investment және Qazaq Independent Directors (QID) серіктестікті р...

Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...

Жаңалық

Деректерге негізделген көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік сертифик...

Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...