QID Қауымдастығы қаржылық есептілік және салық тәуекелдері тақырыбында вебинар өткізді
2025 жылғы 13 мамырда Qazaq Independent Directors (QID) Қауымдастығы «Сандардан тыс: тәуелсіз директордың көзқарасы бойынша қаржылық есептілік және салықтық тәуекелдер» атты вебинар өткізді. Іс-шара директорлар кеңестері мен топ-менеджерлер қаржылық есептілікті талдау және салықтық тәуекелдерді бағалау кезінде кездесетін негізгі мәселелерге арналды.
Вебинар барысында қатысушылар мыналарды талқылады:
• қаржылық көрсеткіштерді манипуляциялау мүмкіндігі;
• бизнестегі ең қауіпті салықтық тәуекелдер;
• осы мәселелердегі тәуелсіз директордың рөлі мен жауапкершілігі;
• құқықтық және беделдік салдарлардан аулақ болуға мүмкіндік беретін шаралар.
Finex-Standart аудиторлық компаниясының серіктесі, салық кеңесшісі және QID тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі Рита Еспенбетова есептілікке қатысты манипуляциялардың практикалық мысалдарымен бөлісіп, директорлар тарапынан кәсіби скептицизмнің маңыздылығына және ХҚЕС (МСФО) саласындағы базалық білімнің қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі KPMG салық және құқықтық практикасының серіктесі әрі жетекшісі, QID тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі Инна Алхимова компаниялар кездесетін типтік салықтық тәуекелдер туралы айтып берді. Сондай-ақ ол кеңес жұмысы барысында салықтық аспектілерді қарастырған кезде тәуелсіз директор нені ескеруі керектігін түсіндірді.
Кездесудің модераторы Гульнара Мусина болды: QID Қауымдастығының Қадағалау кеңесінің мүшесі, іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA), корпоративтік басқару, комплаенс және тәуекелдер бойынша сарапшы, EY тренер-консультанты және тәуелсіз директор.
Іс-шара белсенді пікірталас тудырды. Қатысушылар сұрақтар қойып, практикалық кейстермен бөлісіп, тәжірибе алмасты, бұл талқылауды ерекше мазмұнды әрі құнды етті.
QID Қауымдастығы тақырыпқа қызығушылық танытқандары және Қазақстанда жауапты корпоративтік басқару мәдениетін дамытуға ұмтылғандары үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.
Іс-шаралар күнтізбесі
Алдағы білім беру бағдарламалары мен семинарлар.
2026 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ФОРУМЫ: «Реформалардан нәтижеге: бола...
Директорлар кеңесінің көшбасшылығы және стратегиясы: AI дәуірі
Директорлар кеңесінің төрағалары, тәуелсіз директорлар және жоғары басшылық үшін жабық сессия
Тағы да оқыңыз
Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...
Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...
Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...