Бетті жүктеу

СТАМБУЛДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

«Адамға бағытталған корпоративтік басқару: таланттарды тарту және ұстап қалудағы директорлар кеңесінің рөлі» тақырыбындағы XVI Халықаралық корпоративтік басқару саммиті аясында Орталық Азия елдерінің корпоративтік басқару мәселелеріне арналған кездесуі өтті.

Іс-шараға Qazaq Independent Directors (QID) қауымдастығының атқарушы директоры Эльмира Абаканова, Еуропа және Орталық Азиядағы Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) корпоративтік басқару жөніндегі жоба үйлестірушісі Айгерим Абдуманапова, Түркия корпоративтік басқару қауымдастығының президенті Гюльтен Карадере, Еуропалық директорлар қауымдастықтарының конфедерациясы (ecoDa) басқарма төрағасы Рокас Амбразявичюс, Қырғызстанның Тәуелсіз директорлар кеңесінің төрағасы Жанна Токосунова, сондай-ақ ірі түрік компанияларының директорлар кеңестері мүшелері мен тәуелсіз директорлары және INSEAD бизнес мектебінің өкілі қатысты.

Кездесу барысында Орталық Азия елдерінің корпоративтік басқару бойынша желісін құру туралы маңызды шешім қабылданды, бұл өңірде үздік тәжірибелерді дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Тағы да оқыңыз

Жаңалық

QID және Narxoz Business School ынтымақтастық туралы меморандумға қол...

Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...

Жаңалық

MOST Investment және Qazaq Independent Directors (QID) серіктестікті р...

Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...

Жаңалық

Деректерге негізделген көшбасшылық және бәсекеге қабілеттілік сертифик...

Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...