QAZAQ INDEPENDENT DIRECTORS ҚАУЫМДАСТЫҒЫ «ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУ» ТРЕНИНГІНЕ ШАҚЫРАДЫ
2025 жылғы 15 наурызда Qazaq Independent Directors Қауымдастығы нарық жағдайларының тез өзгеруіне бизнес-ті бейімдеу және стратегиялық ойлау мәселелеріне арналған онлайн-тренинг өткізеді.
Тренинг директорлар кеңесінің мүшелеріне, бизнес иелеріне, топ-менеджерлерге, қаржыгерлерге, заңгерлерге, сондай-ақ agile-дің заманауи әдістемелері мен стратегиялық басқаруға қызығушылық танытатын барлық тұлғаларға бағытталған.
Бағдарлама аясында қатысушылар мынадай тақырыптармен танысады, мысалы:
- стратегияның бейімделгіштігі және бизнестің трансформациясы;
- тәуекелдер мен дағдарыстарды тиімді басқару;
- дағдарысқа қарсы басқару және көшбасшылық;
- стратегиялық талдаудың практикалық әдістемелері.
Оқыту нақты кейстерді талдауды, интерактивті тапсырмаларды және сарапшылармен сұрақ-жауаптарды қамтиды.
Тренинг спикері Жания Адильбек болады — қаржы және консалтинг саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар, бизнесті қайта құрастыру бойынша сертификатталған сарапшы.
Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға Qazaq Independent Directors Қауымдастығының сертификаты беріледі.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 701 839 87 28.
Іс-шаралар күнтізбесі
Алдағы білім беру бағдарламалары мен семинарлар.
2026 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ФОРУМЫ: «Реформалардан нәтижеге: бола...
Директорлар кеңесінің көшбасшылығы және стратегиясы: AI дәуірі
Директорлар кеңесінің төрағалары, тәуелсіз директорлар және жоғары басшылық үшін жабық сессия
Тағы да оқыңыз
Серіктестік Narxoz Business School-дың академиялық сараптамасын және QID-дың корпоративтік басқару,...
Ынтымақтастық QID-тің governance саласындағы сараптамасын және директорлардың кәсіби дамуы бойынша т...
Венгриядан келген халықаралық сарапшы Золтан Бузадидің кәсіби мамандарға арналған эксклюзивті тренин...