5 желтоқсанда өткен QID мүшелерінің жалпы жиналысында Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы жалпы дауыс беру арқылы таңдалды.

Кәсіби және қоғамдық ұйымдардың қызметінде Бақылау кеңес төрағаларын әрбір 2–4 жыл сайын ауыстырып отыру кең таралған әрі ұсынылатын халықаралық тәжірибе болып саналады. Мұндай ротация көзқарастардың жаңаруына, стратегиялық бақылаудың күшейуіне және корпоративтік басқару институтының тұрақты дамуына ықпал етеді. Осы тәжірибеге сәйкес, Ерлан Аукенов үш жыл бойы QID Бақылау кеңесін табысты басқарып, өсу динамикасын қамтамасыз етіп, бағдарламалардың сапасын арттырып, QID-ң беделін нығайтты. Оның өкілеттік мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

QID-дің және еліміздегі корпоративтік басқарудың дамуына қосқан елеулі әрі баға жетпес үлесі үшін Е.Аукеновке шынайы алғысымызды білдіреміз. Ерлан мырза QID Құрметті мүшесі мәртебесінде біздің қызметімізге үлес қоса береді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Бақылау кеңесінің жаңа Төрағасы болып Алихан Байдүсенов таңдалды. Ол өз қызметіне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі. Байдүсенов мырзаны құттықтап, нәтижелі әрі табысты жұмыс тілейміз.

Сонымен қатар, жалпы дауыс беру арқылы Бақылау кеңестің құрамына Айдын Абай мен Айгүл Жайлаубекова таңдалды. Олардың кәсіби тәжірибесі мен сараптамалық білігі QID-дің стратегиялық дамуын күшейтеді.

Самғат Ермекбаев Бақылау кеңес құрамындағы қызметін аяқтады. QID жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін Самғатқа алғыс білдіреміз.

****

На общем собрании членов QID, прошедшем 5 декабря, общим голосованием был избран новый Председатель Наблюдательного совета Ассоциации.

Смена председателей наблюдательных советов каждые 2–4 года является распространённой и рекомендованной международной практикой в деятельности профессиональных и общественных организаций. Такая ротация способствует обновлению взглядов, усилению стратегического надзора и устойчивому развитию института корпоративного управления. В соответствии с этой практикой Ерлан Аукенов успешно возглавлял Наблюдательный совет QID в течение трёх лет, обеспечив динамику роста, повышение качества программ и укрепление репутации Ассоциации. Срок его полномочий истекает 31 декабря 2025 года.

Мы выражаем искреннюю благодарность Ерлану Аукенову за его значительный и неоценимый вклад в развитие Ассоциации и корпоративного управления в стране. Ерлан Аукенов продолжит сотрудничество с нами в статусе почётного члена QID.

По итогам голосования новым Председателем Наблюдательного совета Ассоциации избран Алихан Байдусенов, который вступит в должность с 1 января 2026 года. Поздравляем Алихана Байдусенова с назначением и желаем ему успешной и результативной работы!

Также общим голосованием в состав Наблюдательного совета были избраны Айдын Абай и Айгуль Джайлаубекова, чья экспертиза и профессиональный опыт усилят стратегическое развитие Ассоциации.

Самгат Ермекбаев завершил свою деятельность в составе Наблюдательного совета. Мы благодарим Самгата за активный вклад в работу Наблюдательного совета.

About the Author

Вам также могут понравиться эти